Қазақстанда қарбыз өспей ме?

Қазақстанда қарбыз өспей ме?
Сурет: интернеттен

Еліміз 9 миллион долларға жуық ақшаға сырттан қарбыз-қауын сатып алған.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың жеті айындағы қауын-қарбыз импорты  туралы қызық деректерді жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Комитеттің мәліметінше, осы кезеңде Қазақстанға 8 911,1 мың доллар болатын 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын импортталған:

Өзбекстаннан 34 мың тонна;

Ираннан 3,1 мың тонна;

Тәжікстаннан 421,5 тонна.