Қазақстанда иммундау апталығы өтеді

Қазақстанда иммундау апталығы өтеді
Сурет: Freeradio.com.ua

«Барлығына ұзақ өмір».

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы 2022 жылғы 24 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін Еуропалық иммундау апталығының жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының (ЕИА) тақырыбы– «Барлығына ұзақ өмір».

Аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңызы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын (ЕИА) өткізеді.

EИА мақсаты – ата-аналар мен тәрбиешілер, денсаулық сақтау мамандары, саясаткерлер мен шешім қабылдайтын адамдар және БАҚ арасында иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру арқылы вакцинациямен қамтуды арттыру болып табылады.

Осы аптада жоспарлы вакцинациялаудың өмір бойына денсаулық пен салауаттылықты сақтауға қосқан үлесі атап өтіледі және де COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пандемияның шектеулерін жоюға көмектесетін өмірлік маңызды құрал ретінде атап өтіледі.