Қазақстанда алтын бағасы өсті

Қазақстанда алтын бағасы өсті
Сурет: 365info.kz

Қазақстанда алтын бағасы жарты ай ішінде 11,5 пайызға өсті.

Бүгінгі таңда 1 грамм алтынның ресми құны 29 347,83 теңгені құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы екі аптада, яғни 13 наурыздан бастап оның құны 3 мың теңгеге (11,5 пайызға) өсті.

«Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Соңғы рет алтын 2022 жылдың 29 наурызында қымбаттаған еді», - дейді сарапшылар.