Қазақстан-Ресей сауда көлемі 24 млрд долларға жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан-Ресей сауда көлемі 24 млрд долларға жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев
Сурет: Ашық дереккөз

Ресей капиталы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президентімен келіссөз барысында Мәскеуге бұл жолғы сапарының мақсаты туралы айтып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қарым-қатынасымызды әрі қарай жылжытуға салмақты негіздер бар деп топшылаймын. Елдеріміз арасындағы сауда көлемі, пандемиямен байланысты бүкіл қиындықтарға қарамастан 24 млрд долларға жетті. Ресей капиталының біздің еліміздегі жоспары өте ауқымды. Мен, Мемлекет басшысы ретінде және біздің Үкімет осы қатынас екі жаққа да тиімді бағытпен тұрақты негізде орнығуына бүкіл мүмкіндіктер жасаймыз. Әріптестік орнатылған салалардың бәрін тізбелеп атаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Халықаралық әріптестікте бар байланыстың бәрі екіжақты әріптестігімізде көрініс тапқан. Елдеріміздің арасындағы әріптестіктің дамуына көңіл толатындай негіз бар. Дей тұрғанмен, әрдайым алға қарап, бет түзеуіміз керек. Бұл жерге сол үшін де келіп отырмын», - деді Президент.

Айта кетейік, келіссөз алдында Мемлекет басшысы Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысына бейнеконференция форматында қатысты.