Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ахуал бақылауда - ҰҚК

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ахуал бақылауда - ҰҚК
Сурет: ҰҚК

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығатын адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Бұл Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ „Қапланбек“, „Тәжен“, „Атамекен“ және „Қазығұрт“ өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты», — деп түсіндірді ведомстводан.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.