Қазақстан халқының саны 19,7 млн адамға жетті

Қазақстан халқының саны 19,7 млн адамға жетті
Сурет: Culture.ru

Халық саны 212,0 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19,7 млн адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, еліміздегі халық саны 19 715,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқының үлесі 61,7% (12 169,1 мың адам) болса, ауылда 7 546,1 мың адам (38,3%) тұрады", - делінген хабарламада. 

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212,0 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.

Осы жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға 12 926 адам келді. Ал, елімізден 21 875 адам көшіп кетті. Көші-қон айырымы - 8 949 адам.