Қазақстан билігі TikTok және Meta өкілдерімен талқылау өткізбек

Қазақстан билігі TikTok және Meta өкілдерімен талқылау өткізбек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Тақырып – балалар қауіпсіздігі.

«Құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында интернет-ресурстар мен онлайн-платформалар «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» және «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңдардың талаптарын сақтайды», - деп жауап берді заңға қайшы контентті тарататын интернет-ресурстар мен онлайн-платформаларға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы депутаттық сауалға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Скляр бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою туралы ескертулер жіберіледі, сондай-ақ материалдар мен интернет-ресурстарға қол жеткізу бас прокурордың немесе оның орынбасарларының ұсынуы бойынша, сондай-ақ уәкілетті органның нұсқамасы бойынша сот тәртібімен не «соттан тыс бұғаттау» тәртібімен тоқтатылады деді. Техникалық шараларды байланыс операторлары мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қабылдайды (2023 жылы 526 бұзушылық анықталды. 1 наурызға 99 бұзушылық анықталды, 59 хабарлама хаты жіберілді (көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін – 34; жиналысты, митингіні, шеруді, пикеттерді ұйымдастыру немесе өткізу туралы – 16; сепаратистік қызмет туралы – екі; конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау – екі; ұлтаралық алауыздықты қоздыру – 45), деді.

«Құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі (2023 жылы 44630 заңсыз материал жойылды, оның ішінде 10142 заңсыз контент балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпарат, 2024 жылы - 3432 материал жойылды, оның ішінде 2137 бұзушылық балаларға қатысты)», - деп жауап берді бірінші вице-премьер.

«2023 жылы Қазақстанда «ByteDance» компаниясына тиесілі TikTok ресми өкілдігі ашылды (Орталық Азиядағы мемлекеттік билік органдарымен жұмыс жөніндегі басшы – Дмитрий Пылев). TikTok платформасының барлық пайдаланушылары үшін халықаралық құқықтық нормаларға негізделген бірыңғай ережелер мен стандарттар қолданылады», - деп мәлімдеді үкімет басшысының бірінші орынбасары.

«TikTok платформасын реттеу және пайдалану саласындағы халықаралық тәжірибе зерттелуде. Бірқатар батыс елдері оны пайдалануды бұғаттау немесе шектеу бойынша шаралар қабылдауда. Осыған байланысты интернет-ресурстар мен онлайн-платформалардың өкілдерімен бірлесіп, біздің ұлттық ерекшеліктеріміз бен қажеттіліктерімізді ескере отырып, оларды бейімдеу бойынша жұмыс кеңестерін өткізуде», - деді Скляр

Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың наурыз айында TikTok және Meta өкілдерімен онлайн-кездесу жоспарланып отырғанын, онда онлайн платформаларда жалған ақпаратқа тыйым салу және орналастыру, сондай-ақ оларды жою бойынша онлайн-платформалардың иелеріне қойылатын жаңа талаптар талқыланатынын айтты.