ХҚКО Наурыз мерекесінде жұмыс істей ме?

ХҚКО Наурыз мерекесінде жұмыс істей ме?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл сұраққа қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Мемлекеттік корпорация қазақстандықтардың Наурыз мейрамын тойлауына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары наурыздың 21-і мен 25-і аралығында жұмыс істемейтінін еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Кезекшілер 25 наурызда сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс кестесіне қайтады", - делінген хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін, кезекшілер жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін қосты.