Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігіне ие болды

Қазақстан Байқоңырдағы Ресей меншігінің бір бөлігіне ие болды
Сурет: Qazir.kz

Үкімет қаулыға қол қойды.

Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 3 наурыздағы "Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Осы қаулы қосымшасына сәйкес, Ресей Федерациясының федералды меншігіндегі мүлік республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын", - делінген құжатта.

Осылайша Қазақстан өзінің жеке меншігі мыналар болды:

1991 жылы шығарылған 11F647M «Экран-М» ғарыш кемесі, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектері;

1993 жылы шығарылған құрастыру-қорғау блогы, оның құрамдас бөліктері және қосалқы құралдар мен арматура;

1991 жылы шығарылған объектілерді тестілеу жүйесі;

1986 жылы шығарылған жүйелер - 2 дана.