Қазақстан Азия ойындарда 14-жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан Азия ойындарда 14-жүлдеге қол жеткізді
kazsports.kz

Семсерлесуден Ұлттық құрама қола жүлдеге ие болды

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама жартылай финалда алдыңғы Азиаданың жеңімпазы Оңтүстік Кореяға 45-41 есебімен жол берді.

Артем Саркисян, Рахманәлі Мұхамедәлі, Саттархан Назарбаев, Жанат Набиев квартеті іріктеуде Непал құрамасын айқын басымдықпен (45-15) ұтқан. Сосын, ширек финалда Кувейт құрамасынан (45-43) басым түсті.

Бұл Қазақстан делегациясының Қытайдағы ойындарда қол жеткізген 14-жүлдесі. Оның біреуі алтын, екеуі күміс, қалғаны қола.