Қазақстан азаматы 1 келі гашишпен ұсталды

Қазақстан азаматы 1 келі гашишпен ұсталды
Сурет: Inform.kz

 Қазақстан азаматы «Қордай» өткізу бекетінде 1 келі гашишпен ұсталды.

Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«23 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде қызметтік иттің көмегімен шекаралық бақылау жүргізілген. Оның барысында 1 келі гашиш есірткі затын өткізуге әрекеттенген Қазақстан азаматы анықталды.

Одан әрі тексеріс жүргізу үшін ұсталған адам және тәркіленген есірткі полиция органдарына тапсырылды», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.