Алматының Алмалы және Бостандық аудандарында суық су уақытша өшіріледі 

Алматының Алмалы және Бостандық аудандарында суық су уақытша өшіріледі 
almaty-akshamy.kz

4 шілдеде сағат 9:00-ден 20 :00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстардың орындалуына байланысты,  Бостандық ауданындағы: Байтұрсынов - Тимирязев - Желтоқсан - Абай көшелерінің контурында, Керемет шағын ауданында; Алмалы ауданындағы келесі контурларда: Абай даңғылы-Гоголь көшесі - Абылайхан даңғылы-Наурызбай батыр көшесі; Абай даңғылы-Құрманғазы көшесі - Наурызбай батыр көшесі - Мұратбаев көшесі; Гоголь көшесі - Жібек жолы даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Чайковский көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады :
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Анықтама телефоны: 274-66-66.

"Алматы су" МКК