Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-министрі келді

Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-министрі келді
сурет: Primeminister.kz

Тараптар екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылайды

Бүгін кешке Қазақстанға ресми сапармен Грузия Үкіметінің басшысы Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сайты primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында И. Гарибашвилиді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

«Екікүндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады», - делінген хабарламада.