Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды

Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды
Қазастан теннис федерациясы

Росарио қаласында Дэвис кубогінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жарыстың бірінші күні, 3 ақпанда Астана уақытымен сағат 20.00-де АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко мен Франсиско Серундоло (№22 АТР) ойнайды.

Содан кейін кортқа Тимофей Скатов (№278 АТР) мен Томас Мартин Этчеверри (№28 АТР) шығады.

Жексенбі күні сағат 20.00-де жұптық сында Александр Недовесов – Тимофей Скатов аргентиналықтар Максимо Гонсалес – Андрес Мольтенимен шеберлік байқасады. Сосын Скатов Серундоломен, соңғы ойында Попко Этчеверримен кездеседі.

Қазақстан құрамасына салқын тиіп, ауырып қалған Денис Евсеев көмектесе алмайды.

«Біздің командада қатардан шығып жатқандар бар. Бейбіт Жұқаев жарақатына байланысты келе алмаса, Евсеев осында дайындалғанымен, сырқаттанып қалды. Сондықтан жағдай қиын. Қарсылас команда күшті құрамын шығарды. Дегенмен Попко, Недовесов, Скатовтың соңына дейін күресетіні анық», - деді команда капитаны Юрий Щукин.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монпелье турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

А.Бублик Париж олимпиадасына қатысуды мақсат еткендіктен, оған осындай жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, ұпай жинауына мүмкіндік берілді.