Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесі "Байсат" базарының жартысы мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесі "Байсат" базарының жартысы мемлекетке қайтарылды
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылы 17 қаңтарда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды – делінген ақпаратта.

Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нұрсұлтанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және "Astana Finansial Group" ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.