Каспий жағалауы өртке оранды

Каспий жағалауы өртке оранды
Сурет: ҚР ТЖМ

Тілсіз жау 100 гектарға тарады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін түнде Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртене бастаған, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ресми мәліметке сәйкес, бұл жер Құрманғазы орманшылығының аумағына кіреді. Ал 40 шақырым шалғайда Құрманғазы ауылы бар.

Екі сағаттан кейін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органнан 36 адам барды. Қазіргі кезде 6 мотопомпа, бірнеше техника мен мотоқайық өртті сөндіріп жатыр.

"Батпақты жер мен қамыстың тығыз қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызуда, техниканың баруына кедергі келтіруде", - дейді құтқарушылар.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.