«Канело» қазақстандық болашақ әлем чемпиондарының атын атады

«Канело» қазақстандық болашақ әлем чемпиондарының атын атады
Сурет: Ашық дереккөзі

Танымал мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес болашақта Қазақстаннан шығатын әлем чемпиондарының есімдерін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан! Евгений, Әбілхан және Бек болашақ әлем чемпиондары!» – деді Канело көлігінің терезесінен сөйлеп, артынша боксшылармен қол алысты.

Бұл видеоны Suleimen Promotion промоутерлік компаниясы жариялады. Ол Евгений Павлов, Әбілхан Аманқұл және Бек Нұрмағанбет туралы айтты. Қазан айында Евгений Павлов мексикалық Хесус Гомес Кинтананы жеңіп, рекордын 8 жеңіске жеткізді. Әбілхан Аманқұл екінші жекпе-жегін 22 қазан күні мексикалық Йеассон Пачеко Сервантеспен өткізеді. Бек Нұрмағанбет осы жылдың маусым айында Кейнел Уиллерді жеңіп, кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.