«Канело» Головкинге тиімді шарт ұсынбақшы

«Канело» Головкинге тиімді шарт ұсынбақшы
Cурет: Ашық дереккөз

Головкиннің жапондық боксшы Риота Муратамен көктемге жоспарланған айқасы өтуі тиіс

Boxeoplus.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ең алдымен, Головкиннің жапондық боксшы Риота Муратамен көктемге жоспарланған айқасы өтуі тиіс. 

«Егер Головкин Муратаны жеңсе, қарсылас іздеп жүрген «Канело» оны өте тиімді шартпен трилогия өткізуге шақыруы мүмкін. Қазақстандыққа Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло басқа нұсқа бола алады», - деп жазды басылым.

Еске салайық, Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал, Риота Мурата WBA Super титулының иегері.