Halyk bank мемлекеттен алған көмегін қайтара бастады

Halyk bank мемлекеттен алған көмегін қайтара бастады
Сурет: Alashainasy.kz

2015 жылы "Казкоммерцбанк" депозит түрінде көмек алған.

"Халық банк" мемлекеттен алған көмегінің бір бөлігін (28,4 млрд теңге) уақытынан бұрын алғашқылардың бірі болып төледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Анығын айтқанда, депозит түріндегі көмекті 2015 жылы "Казкоммерцбанк" алған. Ал, осыдан 5 жыл бұрын 2 банк бірігіп, ақшаны қайтару "Халық банктің" міндеті болып қалды. Мұның барлығы заңнаманың өзгеруіне байланысты. Яғни, қаржы институты дивиденд төлейтін болса, онда мемлекеттен алған көмекті уақытынан бұрын қайтаруы қажет. Енді биыл қаржы ұйымы былтырғы дивидендтерін акционерлерге төледі.