Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Мексикада өтуі мүмкін

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Мексикада өтуі мүмкін
Cурет: 24.kz

Көптен күткен трилогия

El Paso Times, AP Sports және USA Today Sports басылымдарының шолушысы Мэттью Агилар Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі Мексикада өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін «Канелоның» жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо қыркүйек айында Мехикодағы Azteca стадионында жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан. 17 қыркүйекте GGG – «Канело» трилогиясы өтуі мүмкін. 

«Эдди Рейносо GGG-ді супер орта салмаққа өтіп, қыркүйекте Мексикада Альвареспен үшінші жекпе-жекті өткізуге шақырады»,– делінген BoxingTribeUK Twitter-парақшасында. 

Агилар бұл жаңалықты оң баға беріп, оның дұрыс қадам екенін атады. 

«Бұл шын болса, жақсы болар еді. Головкин бұған келіссе, Мексикада үлкен жекпе-жек өтеді», – деп жазды журналист.