«Ginallike» жанып кетті

«Ginallike» жанып кетті
ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласының Әуезов ауданы, Абай-Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан кафеде өрт болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, өрт Жетісу-3 шағынауданында, 1/б үйдің жанында болған.

«Өртті сөндіру қызметі келгенде гараждан басталған жалынның кафенің шатырына ауысқаны анықталды», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Жалынды ауыздықтауға жеке құраманың 64 адамы және 18 бірлік техникасы жұмылдырылды. Кешкі сағат 20:00-де өрт өшірілді. Өрттің ауданы 500 шаршы метрден асады.

Нақтыланған ақпаратқа сәйкес «Ginallike» кафесінен басталған өрт, Rise Hall мейрамханасының шатырына және сауда павильондарына ауысқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталуда.