Германияда ауа райының қолайсыздығы сезілуде

Германияда ауа райының қолайсыздығы сезілуде
Сурет: Germania.one

Көлік қозғалысына ыңғайсыздық тудыруда

Жол апатынан алты адам зардап шегіп, олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осыған ұқсас оқиғалар елдің өзге өңірлерінде де болған. Германияның Амберг қаласына жақын маңда мұзды жаңбыр салдарынан жаппай жол апаты болды.

Бұл туралы BILD газеті хабарлайды. Басылым мәліметінше, жол апаты А6 шоссесінде тіркелген, жол толықтай жабылған.

Оқиға салдарынан алты адам жарақат алып, олар ауруханаға жеткізілген.

«Мұзды жаңбыр Жоғары Пфальцқа жауған. Сондықтан әріптестеріміз оқиға орнына әрең жетіп жатыр», – дейді жергілікті полиция өкілі.