Германия жаңа шектеулер енгізді

Германия жаңа шектеулер енгізді
Сурет: Ria.ru

Германияда екпе алмағандардың жағдайы қиындай түсті

Германия індеттің төртінші толқынымен күрес бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Билік жаңадан шектеулер енгізді. Әсіресе, вакцина салдырмағандарға тәртіп қатаң. Олар кино, театр және көрмеге бара алмайды.

Мейрамханаларға да кіргізбейді. Ал індет өршіген аймақтарда клубтар жабылып, той-думандарға қатысатын адамдардың саны кемітілді. Футбол және басқа да спорт ойындары қайтадан жанкүйерлерсіз өтеді. Ал оқушылар мектепке бара береді. Бірақ бетперде кию міндет. 

«Біз төртінші толқынның шарықтау шегінде тұрмыз. Жағдай өте күрделі. Сондықтан аймақтарда науқас санына қарамастан, мәдени және спорттық шараларға екпе салдарғандар ғана бара алады. Кей жағдайларда ПТР-тест тапсыру талап етіледі. Билік вакцина алмағандарды үгіттеп жатыр. Екпені алдағы уақытта вакциналау орталықтары мен мобильді станциялардан бөлек, тіс дәрігерлері және дәріханаларда да алуға болады. Қазірге дейін Германияда халықтың 70 проценті толық вакцина алған», - деді Германия кацлерінің міндетін атқарушы Ангела Меркель.