Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: File.liga.net

Германиядан құттықтау жеделхаты келді 

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер де өзінің жүрекжарды құттықтауын жолдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

– Коронавирус пандемиясы өзара байланыстарымызды шектесе де, елдеріміз өткен жылы тұрақты және жемісті қарым-қатынастарды жалғастырды.  Ауғанстандағы жуырда болған оқиғалар және күннен күнге күшейіп жатқан климаттық өзгерістердің әсері Сіздердің аймаққа жаңа әрі күрделі міндет жүктеп отыр. Біз мұны жақсы сезінеміз. Германия алдағы уақытта осы және басқа да сын-қатерлерді сәтті еңсеруде және Сіз қолдаған реформалар бағытын жалғастыру жолында Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді, – деп Франк-Вальтер Штайнмайер өзінің жеделхатында атап өткен.