Геосаяси ахуал ушыға түскен кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыру керек - Мемлекет басшысы

Геосаяси ахуал ушыға түскен кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыру керек - Мемлекет басшысы
Сурет. Elorda.info

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 30 жыл

 Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.