Франция астанасы қоқыс үйіндісіне айналып барады

Франция астанасы қоқыс үйіндісіне айналып барады
Сурет: ашық дереккөз

Қоқыс жинаушылар мен өртейтін зауыттардың жұмысшылары ереуілге шықты.

Париж көшелері бірнеше күн бойы азық-түлік және басқа да қалдықтарға толды. Қоқыс жәшіктерін де ешкім тазаламай жатыр, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Мұның себебі - қоқыс жинаушылар мен өртейтін зауыттардың жұмысшылары ереуілге шықты. Олар зейнеткерлікке шығудың ең төменгі жасын 62 жастан 64 жасқа дейін көтеруді көздейтін зейнетақы жүйесін реформалауға қарсы.

«7-ші күн қоқыс шығарылмады. Ол сасып, шіріп жатыр. Париж мэриясы төтенше шара, тіпті ішінара шара қабылдап жатқан жоқ. Бұл - қала тұрғындарын құрметтемеуге жатады», - деп жазды Көлік министрінің орынбасары Клемент Бон.

Жергілікті тұрғындар, туристер көшеде егеуқұйрықтар мен тышқандардың пайда болуына, жағымсыз иіске шағымданады. Мейрамханалар мен супермаркеттердің иелері антисанитариялық жағдайға алаңдайды.

Билік қоқыс жинауға жеке компанияларды тарту арқылы мәселені шешуге тырысып жатқанын айтады.