Алматыда «Шығыс керуені» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді

Алматыда «Шығыс керуені» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Көрме-жәрмеңке аясында қыш құюдан шеберлік сағаттары өткізіледі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қорымен бірлесіп 2022 жыл 2-4 желтоқсан күндері  ежелгі мәдени дәстүрді жалғастыра отырып, Орта Азия қолөнер шеберлерінің «Шығыс керуені» атты кезекті көрме-жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бәрімізге әйгілі Шығыс керуені халықаралық экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамыту жолында үлкен рөл атқарды. Көңілді, түрлі-түсті шығыс базарына әр елден саудагерлер мен сатып алушылар асыға келіп, Қытайдың жібегі мен фарфорын, Үндістанның тәтті дәмдерін, Хорезмнің қышын, түрлі бейнелеу туындыларын тиімді бағада сату және сатып алу саудасын жүргізіп отырған. Осы ежелгі мәдени дәстүр бүгін де сәтті жалғасуда.

Қазақстанның әр аймағынан және Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан елдерінен келген майталман шеберлер өз тауарларын: қолдан тоқылған жібек орамалдарын, экологиялық таза киізден, ағаштан оюлап жасаған, жібек жіптермен тоқылған кестелерін, қыштан жасалған, әдемі зергерлік бұйымдарын, киім-кешек, сазды аспаптарын, шығыс миниатюраларын, кілемдер мен сандықтарын ұсынады.  

Көрме-жәрмеңке бірнеше мақсатты көздейді:
• Шеберлер арасында өзара тәжірибе алмастыру;
• Өз тауарларын сату арқылы қаржы жағдайын зерттеу;
• Сатып алушылармен қарым-қатынасты ұлғайту;
• Қолөнер шеберін дамыту;
• Мәдени қарым-қатынасты жақсарту.

Көрме-жәрмеңке алматылықтар мен Алматы қаласы қонақтарының асыға күтетін қызықты іс-шараларының бірі десе де болады. Осындай дәстүрлі де көне және заманауи қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі алматылықтар мен қонақтардың назарын өзіне тартады. 

Көрме-жәрмеңке аясында  қыш құюдан шеберлік сағаттары өткізіледі. 

Сонымен қатар көрме-жәрмеңке аясында желтоқсанның 3 күні бірнеше конкурстардың лауреаты, Евразия дизайнерлер одағынының орденімен марапатталған, фурнитуралардан ұлттық әшекейлерді жасаумен айналысатын Қазақстандық қолөнер шебері Қасымбекова Бейбіткүлдің «Көркем зере» деп аталатын коллекциясынан дефиле көрсетіледі.