Студенттердің шәкіртақысын 2025 жылға дейін өсіреміз – министр

Студенттердің шәкіртақысын 2025 жылға дейін өсіреміз – министр
Сурет: Ашық дереккөзі

Профессорлардың көбі мектепке кетті

1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Бұл үрдіс 2025 жылға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ке, 20%-ке. Мақсатымыз - оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің телеграм каналында.