Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келеді

Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сурет: Elorda.info

 Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ, осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуі жоспарланып отыр.