Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Primeminister.kz

Үкімет отырысында қаралатын басты тақырып – санитариялық-эпидемиологиялық ахуал.

Сәрсенбі күні, 18 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал; Жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері; Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мәселелері туралы сөз болады», делінген Үкімет таратқан хабарламада.