Ертең игі мұсылман ауыз бекітіп, ораза ұстайды

Ертең игі мұсылман ауыз бекітіп, ораза ұстайды
Сурет: Gov.kz

Бүгін, ақшам намазынан соң, қасиетті Рамазан айы басталады.

Һижри-қамари 1445 жылғы Рамазан айының басталуы 10 наурыз күні Астана сағатымен 15:02-де, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айдың көрінуі 11 наурыз, дүйсенбі күні Астана сағатымен 04:14те.

Ай алғаш болып Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарының орта бөліктерінен бастап батыс тарапына қарай көріне бастайды.

11 наурыз, дүйсенбі күні қасиетті Рамазан айының алғашқы күні.