Енді ҰБТ куәлігін онлайн алуға болады

Енді ҰБТ куәлігін онлайн алуға болады
Сурет: интернеттен

Тағы бір цифрлық құжат қолданысқа енгізілді.

eGov mobile мобильді қосымшасында бірыңғай ұлттық тестілеу куәлігінің цифрлық нұсқасын жүктеуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта "Цифрлық құжаттар" сервисінде 30 құжат, соның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар

Цифрлық сертификатта әрбір пән бойынша ұпайдың саны көрсетілген. Сондай-ақ, ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар.

Сондай-ақ, ҰБТ сертификаттары IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық тесттерге қарай жіктелген. Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне, ақылы оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге арналған куәліктер бар.

"Бұл түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін ұсыну үшін цифрлық сертификатты пайдалануға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

ҰБТ сертификатын алу тәртібі:

Қосымшаға кіріп, басты бетте "Сандық құжаттарды" басу;

Құжаттар тізімін жаңартқаннан кейін ҰБТ куәлігі шығады;

Айта кетері, ҰБТ куәлігінің мерзімі аяқталса, цифрлық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Ондай құжат тест тапсырғаннан кейін келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Цифрлық куәліктің түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеруге болады.

Қазіргі уақытта "Цифрлық құжаттар" сервисінде 30 құжат, соның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.