Балалар шетелге шыға алмайды

Балалар шетелге шыға алмайды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев енді балаларды шетелге шығару үшін ведомствоның рұқсаты қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Министрдің айтуынша, қазақстандық балаларды Қырымға әкетудің жаңа фактілері жоқ.

«Білім басқармалары мен білім беру ұйымдарына ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеті қойылған. Бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Министрлік балаларды барлық қауіптерден қорғау бағытында әрдайым өз саясатын жүргізеді», деді Ғани Бейсембаев.