Еңбек министрлігі тарапынан ешқандай өтемақы төленіп жатқан жоқ

Еңбек министрлігі тарапынан ешқандай өтемақы төленіп жатқан жоқ
Сурет: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталмыш министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», - делінген министрлік хабарламасында.