Елімізде «Pfizer» вакцинасын қанша адам алғаны белгілі болды

Елімізде «Pfizer» вакцинасын қанша адам алғаны белгілі болды
Cурет: Ашық дереккөз

10 мыңнан астам жүкті әйел вакцинаны салдырған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпараты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылғы 12 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 182 679 адам,  ІІ дозасын 15 243 адам  салдырды.  Оның ішінде: 
І-ші компонентімен
Жасөспірімдер – 145 975, 
 Жүкті әйелдер – 10 716,
Бала емізетін әйелдер – 25 988.

 ІІ-ші компонентімен
 Жасөспірімдер – 11 202, 
Жүкті әйелдер – 1 162,
Бала емізетін әйелдер – 2 879.