Елордалықтар дрондар шоуын тамашалайтын болады

Елордалықтар дрондар шоуын тамашалайтын болады
Сурет: ашық дереккөз

12 минуттық қойылымға 500 ұшу аппараты жұмылдырылады.

Мерекелік қойылымды жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары бүгін кешкі сағат 22:30-да Қазақ елі алаңында тамашалай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көкке көтерілетін дрондар түрлі түске боялған  бейнелерді сомдап, түнгі аспанды жарқ-жұрқ еткен қойылыммен көмкереді,-деп жазды 24.kz. Сондай-ақ, дрондар жарық иллюминаторы арқылы елорданың әсем ғимараттарын көрсетеді. Шара демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.