Елордада шырша жағу рәсімі өтті

Елордада шырша жағу рәсімі өтті
Gov.kz

Шыршаның биіктігі 25 метр. Шырша ұзындығы 2 мың метрге тең "твинк лайт" жарық шамдарымен және ірілі-ұсақты қар тәріздес ойыншықтармен безендірілген.

900 шар ойыншық қолданылды. Етегінің диаметрі 10 метрге жуықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалалық бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында алдыңғы жылғы материалдар пайдаға жаратылыпты.

Салтанатты рәсімге жылдағы дәстүрге сай, бірнеше мың бүлдіршін қатысты. Шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылды.