«Елорда кубогы» турнирі басталды

«Елорда кубогы» турнирі басталды
Сурет: ашық дереккөз

Астанада бокстан халықаралық дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирі басталды.

Байрақты бәсеке елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың алғашқы күні жанкүйерлердің қызығушылығы 63 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жектерде болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Талғат Сырымбетов арасындағы жұдырықтасуда әлем чемпионатының қатысушысы Талғат жарақатына байланысты жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады,-деп жазды qazaqstan.tv.

Екінші топтағы жұпта Қазақстан чемпионы Василий Самчук Ділмұрат Мижитовты жеңді. Дәл осы салмақта бақ сынаған Ертуған Зейнуллинов бірінші раундта Ерасыл Танқайды нокаутқа жіберіп, келесі айналымға жолдама алды. Үндістан өкілімен жұдырықтасқан Сұлтан Мусинов қарсыласынан айласын асырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.