ҚР Премьер-Министрі Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

ҚР Премьер-Министрі Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Сурет: Inform.kz

Бүгін елордада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ә.Смайлов сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Келер ұрпақтың көрер жақсылығы мен тартар азабы бүгінгі біз қабылдайтын шешімдерге, дәріптейтін құндылықтарға байланысты болмақ. Сондықтан 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының адамзатқа әкелген зардабын еске алып, боздақтарымыздың майданда төгілген қаны мен ата-әжелеріміздің тылда төгілген маңдай терінің алдында бас иетін қадірлі күн! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз тыныш болсын! Ең басты жеңіс – сол!», - деді Үкімет басшысы қазақстандықтарға арнаған құттықтауында.