Әлихан Смайылов Екатеринбургке барды

Әлихан Смайылов Екатеринбургке барды
Сурет: Primeminister.kz

Бүгін «Екатеринбург-ЭКСПО» көрме орталығында 12-ші ИННОПРОМ көрмесі басталады.

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Екатеринбург қаласына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда делегация XII «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Сондай-ақ көрме аясында Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізіп, ірі ресейлік компаниялардың басшыларымен кездеседі.

Қазақстан 2022 жылы ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіп көрмесінің серіктес елі болады.

"ИННОПРОМ" көрмесінің ұйымдастыру комитетінің басшысы, Ресейдің индустрия және сауда министрі Денис Мантуровтың айтуынша, өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артқан.

«Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік инвесторлар құны 36 млрд долларға жуықтайтын жобаларға қатысуда. Сонымен қатар машина жасау, атом энергетикасы, химия, металлургия, тау-кен өнеркәсібі және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өту керек. "ИННОПРОМ – 2022" сауда-экономикалық қарым-қатынасымыздың дамуы мен нығаюына оң ықпал етеді», - деді министр Денис Мантуров.

Айта кетейік, 4-7 шілдеде «Екатеринбург-ЭКСПО» көрме орталығында 12-ші ИННОПРОМ көрмесі өтеді.