Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады?

Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады?
Сурет: Polisia.kz

Оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ.

Polisia.kz сайты шетелде жүрген ҚР азаматтарының төлқұжатты қалай рәсімдей алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ.

Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны: өтініш; жеке басын куәландыратын құжат: төлқұжатты ауыстыру үшін ҚР азаматының төлқұжаты; 16 жасқа толмаған болса, туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты; өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті төрт дана фотосурет; шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме); консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі – 80 күнтізбелік күн.