Элизабет Трасс Британияның жаңа премьер-министрі атанды

Элизабет Трасс Британияның жаңа премьер-министрі атанды
Сурет: Ашық дереккөзі

Консервативті партияның жаңа жетекшісі, сәйкесінше Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Элизабет Трасс сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ВВС-дің мәліметінше, 47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері. Қазір ол шын берілген консерватор және оңшыл либерал.

Элизабет Трасс салықтарды азайтуға, атап айтқанда, оның қарсыласы - қаржы министрі Риши Сунак енгізген немесе жоспарлаған денсаулық сақтаудағы салықтар мен корпоративті салықты өсірмеуге уәде беріп отыр.

Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы мемлекеттік шығыстардың жалпы ревизиясын өткізуге, сондай-ақ жеңілдетілген ережелер мен фирмаларға қойылатын талаптары бар инвестициялық аймақтар құруға уәде етті.