Еліміздің сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асты

Еліміздің сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асты
Сурет: Aikyn.kz

Сыртқы берешек 2,3%-ға өскен.

Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

«Қазақстанның, 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда, II тоқсандағы сыртқы борышы 2,3%-ға өсіп, $164,2 млрд-қа жетті», - делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, елдің сыртқы қарызы негізінен жеке сектордың – банктердің және басқа секторлардың қарыздары есебінен 4 млрд-тан 1 129,15 млрд-қа дейін өсті.