Елімізде зергерлік бұйымдар өндірісі азайды

Елімізде зергерлік бұйымдар өндірісі азайды
Сурет: интернеттен

Бұл Ұлттық статистика бюросының мәліметі.

2023 жылдың қаңтар-шілде аралығында зергерлік және осы тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1% -ға азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мәселен, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде қазақстандық компаниялар 677,8 млн теңгеге (2022ж. қаңтар-шілде – 798,8 млн тг) зергерлік бұйым жасап шығарған.

Биылғы шілде айының қорытындысы бойынша ҚР-да зергерлік бұйымдар мен сағат бағасы жылдық мәнде 4,1% өскен. Оның ішінде алтыннан жасалған неке жүзіктері 2,8%, қолға тағатын сағат 12,5% қымбаттаған.