Елімізде соңғы 6 жылда алғаш рет инфляция 13 проценттен асып отыр

Елімізде соңғы 6 жылда алғаш рет инфляция 13 проценттен асып отыр
Сурет: Inform.kz

Карантин кезінде логистикалық тізбектердің үзіліп қалуы мен соңғы геосаяси ахуал осыған әкелді. 

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Бұл ретте, азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-тен 17,9%-ке дейін артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

 Әсіресе  қант, қырыққабат, күнбағыс майы баға өсіміне ең көп үлес қосып отырғанын айта кеткен жөн. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны да   сыртқы нарыққа тәуелділік салдарынан айтарлықтай қымбаттаған.    

"Мысалы, АҚШ-та инфляция 8 проценттен асып кетті. Бұл да олар үшін үлкен рекорд. Германияда, Ресейде, Өзбекстанда рекордтар тіркелді. Қазақстанда да рекорд үлкен – сәуірдің қорытындысы бойынша. Азық-түлік инфляциясы жалпы тұтыну бағаларының индексіне қатты әсер етуде. Үкімет пен Ұлттық банк тиісті щаралар қабылдап жатыр. Инфляцияны ауыздықтауға арналған шаралар кешені бар. Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізсе, Үкімет жедел және жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Ең бастысы азық-түліктің импортын алмастыруды 80 ппроценттен 100 процентке дейін жеткізу мақсат етіліп отыр", - дейді ҚР ұлттық экономика Министрі Әлібек Қуантыров.

Премьер-министр  Әлихан Смайылов  Үкімет мүшелеріне инфляцияны тежеу бойынша тиісті шараларды одан әрі  атқаруды тапсырды.  Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер  нарықтағы баға құбылуын ерекше бақылауда ұстауы тиіс.