Елімізде неше еркек әйелінің тегін алған?

Елімізде неше еркек әйелінің тегін алған?
Сурет: интернеттен

Ерлі-зайыптының екеуі де бір-бірінің тегін ала алады.

Биыл 164 ер адам жұбайының тегін ортақ тегі ретінде таңдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әрбір қазақстандық 16 жастан бастап атын, әкесінің атын және тегін өзгертуге өтініш бере алады.

Заңнамада мұндай қадамға келесі дәлелді себептер көрсетілген:

 - атының, әкесінің атының, тегінің ыңғайсыздық тудыруы;

 - атын, әкесінің атын, тегін айту қиындығы;

- егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегі қалса немесе жұбайы (зайыбы) некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін тегін басқасына ауыстырса, жұбайының (зайыбының) жұбайымен (зайыбымен) ортақ тегі болуға тілегі;

 - егер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет;

- бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) балалармен ортақ фамилия болғанын қалау;

- жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі фамилиясын алу ниеті;

 - жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі фамилияда болса, балалармен ортақ фамилия болуын қалау;

 - ата-анасының біреуінің (ата-анасының әртүрлі ұлты кезінде) өтініш беруші таңдаған ұлтына сәйкес келетін атын және (немесе) тегін алып жүруге тілек білдіру;

- құжаттардағы атаудан өзгеше өмірде қалыптасқан есімді рәсімдеу ниеті;

 - егер некеге тұру (ерлі-зайыптылық) кезінде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет;

 - ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есімімен фамилиясын алғысы келсе;

- өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атын алуға ниет білдірсе;

- жынысы хирургиялық өзгерген кезде таңдалған жынысқа сәйкес келетін есімді, әкесінің атын, тегін алуға ниет білдіру;

 - ата-анасы немесе қамқоршылар баланың атын және/немесе тегін өзгертуге өтініш бере алады. Бұл жағдайда, егер ол сол кезде он жаста болса, оның келісімі қажет.