Елімізде қызылша ауруы өршіп барады

Елімізде қызылша ауруы өршіп барады
Сурет: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері екі жарым мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан.

Науқастардың жартысынан көбі балалар. Қызылша жылдам дендейтін дерт. Сондықтан оны жіті бақылауда ұстау қажет, дейді мамандар. Бұл ауру елімізге шет елден келгендерден жұққан. Яғни әу баста  Мысыр, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Қырғыз елінен келген жолаушылар тасымалдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Вирус жұқтырғандардың жартысынан көбі Алматы қаласының тұрғындары. Ал, Қостанай облысында қызылшаға шалдыққандар саны бәсеңдемей тұр. Жұқпалы кесел жарты жыл ішінде  60-қа жуық адамнан табылған. Өткен жылдың осы кезеңінде мұнда тек екі жағдай тіркелген.  Науқастардың көбі  ауруға қарсы екпе салдырмағандар, дейді маман. 

- Сол ауырған адамдар бірінші Түркия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Россиядан әкелді бірінші сол ауруларды. Біз ойлаймыз ең пик заболеваемости өтті ғой деп. Осы 15 июньнен бастап 21 июньге дейін 17 адам ауырды, одан кейін қазір бір-екі адам апта сайын ауырып отыр, дейді облыстық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Дәулетбаев. 

2019 жылы эпидемиологиялық жағдай бұдан әлдеқайда нашар болды. Сол жылы елде 13 мың адам қызылша жұқтырған. Бұл кесел науқас жөтеліп, түшкіргенде ауамен сілекей арқылы таралады екен.

- Бізде қазір қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Осы жылдан басынан бастап 2600-ден астам жағдай тіркелді. Оның ішінде ол 86%-дан астам ол 18 жасқа дейінгі балалардың ішінде. 72 пайызында егілуден өтпеген балалар. Оның ішінде 60%-ы вакцинациядан бастартқандары. 20%-і жалпы тұрақты вакцинацияға қарсы медициналық көрсетілімдері бар балалар. Және 20%-ы вакцинацияға жасы келмеген балалар, -деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.  

Мамандар бұл инфекцияның екпесі елімізде тек ұлттық күнтізбе бойынша егілетінін айтады. Яғни қызылшаға қарсы вакцина  жоспарлы түрде 1 жастағы сәби мен 6 жасар балаларға салынады. Елімізде пандемия кезінде қалыс қалғанымен қазір екпелер  жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Биылғы жарты жылдың өзінде 200-ге жуық бала егілген.

 - Бұл тез емделетін ауру түріне жатқыза алмаймыз. Егерде ол асқынып кеткен жағдайда вакцианацияланбаса ауру түрі ауыр жүреді. Мысалы, ауыз қуысындағы шырыштық қабаттың, тыныс алу жолдарының шырыштық қабаттары қабына бастайды. Инкубациялық кезеңі 8-ден 17 күннің аралығында өтеді. Бірақ, жұқпалы кезеңі бөртпенің шығуына байланысты. 4 күннің аралығында қызылша ауруы жұғады. 5-күні бөртпе шыққан соң жұқпалы ауру болуы төмендей бастайды, -деді ҚР ДСМ  Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Эльмира Құрбанбекова. 

Ауру айтып келмейді. Сондықтан сақ болған жөн. Себебі бұл індет миға, тыныс алу жолдары мен өкпеге қатты зақым келтіреді. Мамандар қызылшаның жалғыз емі вакцина екенін айтып отыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/611061-elimizde-yzylsha-auruy-rship-barady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.