«Азия Дауысы» фестиваліне баратындар үшін қала әкімдігі тегін көлік бағыттарын ұйымдастырды

«Азия Дауысы» фестиваліне баратындар үшін қала әкімдігі тегін көлік бағыттарын ұйымдастырды
almaty-akshamy.kz

«Азия Дауысы» музыкалық фестивальдің 28, 29 және 30 шілдеде өтуіне байланысты қала әкімдігі оған барушылар үшін тегін жүретін қосымша 55 автобус ұйымдастырады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында келушілерді «Медеу» спорт кешенінің жанында 30 автобус күтіп тұратын болады. Тағы 25 автобус іс-шара қонақтарын Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Байтұрсынов көшесі бойында күтеді.

Автобустар келушілердің толуына орай сағат 15.00-ден 00.00-ге дейін жүреді. Кері бағытта автобустар фестиваль аяқталғаннан кейін жүретін болады. 

Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы метрополитені фестиваль күндері сағат 01:00-ге дейін жұмыс істді. 

Бұл ретте, №12 бағыттың көлігі штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады.