Елімізде блиц-шахматтан өткен әлем чемпионатын халықаралық федерация жоғары бағалады

Елімізде блиц-шахматтан өткен әлем чемпионатын халықаралық федерация жоғары бағалады
Cурет: Baigenews.kz

Блиц-шахматтан әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өткізілді.

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Әлем чемпионатының ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтты.

«Бұл Қазақстан үшін ерекше оқиға болды. Чемпионат бұрынғыға қарағанда үлкен масштабта өтті. Қазақстан бұған дейін үлкен жарыстар, әлем чемпионаттарын өткізген. Дегенмен, мұндай көлемдегі турнирлерді біз әлі ұйымдастырмаған едік. Біз, барлық ұйымдастыру командасы, Қазақстан шахмат федерациясы және Халықаралық шахмат федерациясымен бірлесіп, жоспарлы әрі нәтижелі жұмыс атқардық», - деді Дәрмен Сәдуақасов.

Оның айтуынша, Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) чемпионаттың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалаған.

«Бұл бізге болашақта бұдан да басқа ірі халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін алаң болды деп зор сеніммен айта аламыз», - деп түйіндеді шахмат федерациясының вице-президенті.