Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады
Сурет: Zakon.kz

 Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі.

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 11-12 сәуір күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипат алады. Кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Ал 13 сәуірде термометр бағамы біртіндеп көтеріледі",- дейді синоптиктер.

Солтүстік өңірлер 20 градусқа дейін жылынса, оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, күн ысиды.